14.07.2017
Еңбек ұжымдары және жергілікті тұрғындармен кездесулерде зейнеткерлерді, соғыс ардагерлері мен Қарулы күш өкілдерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақы, тасқын су салдарына байланысты атқарушы органдардың келтірілген залал үшін өтемақы төлеуі, балабақшадағы орын тапшылығы, дәрілер бағасының өсуі, жол жөндеу және т.б. мәселелер көтерілді.
Халық қалаулысы саулаушылардың заңнамалық қызметпен таныстырды.
Өз кезегінде, қатысушылар бірқатар мәселелердің заңнамалық деңгейде шешімін тапса екен деген пікірлерін білдірді. Мәселен, Петропавл қаласы кітапханасының мамандары кітапхана туралы арнайы заңнын қажеттілігін атап өтті.
Сапар барысында агроөндірістік кешеннің дамуына ерекше көңіл бөлінді.
Атап айтқанда, Т.Сыздықов Қазақстан мен Ресей нарығына өз өнімін жеткізетін ет өңдеу зауыты «Ростан» кәсіпорнында болды. Ол бір ғана Владивосток қаласына айына бір рет шамамен 10, 17 немесе 20 тонна ірімшік жеткізеді. Зауыт жұмысшылары алға қойған мақсаттары және жоспарларымен бөлісті.
Бұдан басқа Т. Сыздықов ҚКХП облыстық филиалындағы партияластарымен кездесіп, азаматтар қабылдауын өткізді.