14.07.2017
Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өтті. Онда инновациялық өндірістер үшін кадрлар даярлау, оқу процесін білім беру саласындағы заманауи үрдістерге сәйкес ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Б.Мамраев сондай-ақ Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіріп, ШҚМТУ зертханалары мен ғылыми-өндірістік учаскелерінде болды.