12.07.2017
Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қабылдауға қарқаралықтар сумен қамтамасыз ету, «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары аясында субсидиялау мәселелері бойынша сұрақтармен келген. Жергілікт тұрғындарды көбіне ауыл шаруашылығының малдарын елді мекендерде күтіп ұстау мәселелері толғандырды.
Бұдан басқа, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Құнанбай қажыға, «Үш Арысқа» (Ә.Бөкейханов, А.Ермеков, А.Байтұрсынов) ескерткіш қою мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, депутаттар Қарқаралы ауданының активімен кездесіп, Қарқаралы қаласында мектеп салу, қираған көпқабатты үйдің қалдықтарын жинастыру мәселелері көтерілді.