• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс депутаты еңбек ұжымдарымен 20 кездесу өткізді 10.07.2017

Мәжіліс депутаты сапарының алғашқы күні азаматтарды қабылдап, ағымдағы жылғы 20-21 шілдеде Астана қаласында халықаралық Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумын өткізумен байланысты мәселелерді талқылау жөніндегі ұйымдастырушылық комитеттің өкілдерімен кездесті.

Парламент мүшесі сапар барысында «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының ұжымымен кездесті. Туристік саланы дамыту туралы әңгіме барысында жұмысшыларды әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту, әлеуметтік желілер кеңістігінде Қазақстан табиғатын танымал ету, туристік абаттандыру шеңберінде бизнес үшін уақытша салық жеңілдіктерін енгізу мәселелері қозғалып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қолданудың кейбір нормалары талқыланды.

Бұдан бөлек, Роман Ким этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Алматы қаласындағы Достық үйі, Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры ұжымдарымен, Қазақстанның корея қауымдастығының белсенділерімен, сондай-ақ этномәдени БАҚ және «Жаңа шешімдер» білім қорының өкілдерімен кездесті.

Алматылықтармен әңгімелесу барысында Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы айтылып, қоғамның мәдени және рухани дамуымен, рухани жаңғырумен, ұлттық бірегейлікті, мәдени мұраны, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтаумен, қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшірумен байланысты мәселелер қозғалды.

Парламент мүшесі Алматы қаласының Ветеринария орталығының, Республикалық ветеринариялық зертхананың Алматы өңірлік филиалының ұжымдарымен де кездесті.


Back to the list