• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Жаңаөзенде болып қайтты 10.07.2017

Кездесу барысында депутаттар мұнайшыларға Елбасының Жолдауы және бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіндегі депутаттық қызметі туралы айта келе Балайым Кесебаева Ұлт жоспары аясында қабылданған пробация, прокуратура қызметі, сот сараптамасы, жол қозғалысы туралы жаңа заңдардың тиімділігін атап өтті.

«Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген осы заңдар халық игілігі үшін қолданылады», - деп түсіндірді Б.Кесебаева.

«Өзенмұнайгаз» АҚ облыстағы ең ірі кен орны болып табылады, оның құрамына 16 мұнай-газ өндіру басқармасы кіреді. Кәсіпорынның 17 бастапқы партия ұйымының мүшелері жаңа реформаларды іске асыруға белсенді қатысуда.


Back to the list