05.07.2017
Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысының Қызылқоға ауданында болды. Миялы ауылында депутат жергілікті тұрғындармен, аудан активімен әңгіме өткізді.
Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, оқытушылар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Сәрсенбай Еңсегеновке «Қызылқоға ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Сол күні сенатор Тайсойған ауылдық округіне келді, сондай-ақ облыстық маңызы бар Миялы-Қарабау автомобиль жолының құрылысымен танысты.
Сенат депутаты Әлімжан Құртаев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр. Шымкентте ол қала тұрғындарымен кездесу өткізді және «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.