• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Депутаттар  Қызылорда облысындағы сайлаушылармен кездесті 05.07.2017

Депутаттар Қызылорда қаласындағы «Жан – Арай» агроиндустриалдық комплексі, «Атамекен» балалар ауылының жұмысымен танысты. 

Кездесу барысында мәжілісмендер сайлаушыларға Парламенттің екінші сессиясы бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндап, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысынан хабардар етті. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы да басты тақырыптар қатарынан табылды. 

Депутаттар іс сапар барысында тек облыс, қала орталықтарының ғана емес, сонымен бірге, алыс ауылдардың, шет жақтағы елді мекендердің, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының, Байқоңыр қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізіді.


Back to the list