04.07.2017
Депутаттар бірқатар нысадарды аралады, олардың ішінде «Profimed» медицина орталығы болды. Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағандай, депуттарға халыққа қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған, тіпті мүгедек жандар үшін де барлық жағдай ескерілген жекеменшік заманауи медициналық мекеме таныстырылды.
Бұл орталықта дәріхана жұмыс істейді екен, онда 20 мыңнан астам дәрі-дәрмек түрі бар.
Депутаттардың пайымынша, бұл жеке меншік медицинаның жарқын үлгісі. Бұл орталық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға өтініш берген. Бұл халыққа қызмет көрсетуде бұрынғыдан да кең мүмкіндіктерге жол ашады.
Бұдан басқа, депутаттар облыстық аурухананың Г.Сұлтанов атындағы емханасында болды. Олар мекеменің емделушілерімен сұхбаттасып, олардың сұрақтарына жауап берді, халық көбіне МӘМС туралы сұрақтар қойып жатты.
«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша партиялық комиссияның жетекші Серім Сыздықовтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында МӘМС мәселесі талқыланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, ағымдағы жылы штаб мүшелері МӘМС-ті енгізуді түсіндіру үшін облыс бойынша 3866 рет халықпен кездесу өткізді, оның аясында 37575 адам қамтылды.
«Бұдан басқа, маусым айында аймақтағы ірі 12 кәсіпорында кездесулер өткізілді. Барлық қалалар мен аудандарда билбордтар ілінген. БАҚ-та ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жалғасуда», - деп баса айтты Н. Қасымов.
Халық қалаулылары А. Нуркина мен А. Құрманова бұл бағыт бойынша жұмысты күшейту және әр тұрғынға МӘМС бойынша ақпаратты жеткізу қажеттілігін атап өтті.