04.07.2017
Палатаның баспасөз қызметінен хабарлағандай, аудандық әкімдікте халықты қабылдап, басындағы базынасын айтып келген 9 адамды тыңдады. Ауыл тұрғындары тұрғын үй мен мектептің құрылысына қаржының бөлінуіне байланысты қиындықтар мен EGOV порталының жұмысына және ауылдағы инфрақұрылымдардың дамуына байланысты шағымданды.
Сонымен қатар, депутаттар Қызылқия ауылында 1999 жылы құрылған «Амангелді» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті. Бүгінде қожалықтың иелігінде 1000 га астам жер бар. Мұнда жеміс жидек талдары өсіріліп, дайын өнім қайта өнделеді.
Ауыл шаруашылығы қожалығы 250 – ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, ал маусымдық жұмысқа 300-ден астам ауыл тұрғыны тартылады.
Депуттардың аймақтағы жұмысы жалғасуда.