04.07.2017
Палатаның баспасөз қызметінде хабарлағандай, Рудный қаласында депутаттар ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорын – Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінде болды.
Зауыт жұмысшыларымен кездесу барысында депутаттар Президенттің Жолдауы, екінші парламенттік сессиядағы өздерінің заң шығару жұмысы жайында айтып, комбинаттың жалақы төлеуі және басқа да әлеуметтік көмектер көрсетуіне қатысты мәселелерді сұрап-білді.
Өз кезегінде жұмысшылар депутаттарға шекемтастарды бөлу мен өңдеу, сондай-ақ дайын өнім беру бойынша жұмыс циклдерін көрсетті.
Сондай-ақ депутаттар «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығында болған кезде орталық көрсететін қызметтер кешенімен танысты. Парламент депутаттары сондай-ақ «ССТКБӨБ» АҚ жанындағы кадрларды даярлау оқу орталығында да болды, онда жас мамандар жаңа технологиялық жабдықтарда, станоктар мен әр түрлі құрылыс-монтаж техникаларында жұмысқа даярлықтан өтеді.
Меңдіқара ауданында депутаттар Әлия Сапарова мен Евгений Козлов «Вита» ПК» ЖШС-да болып қайтты. Кәсіпорын директоры Петр Лебедев зауыт шығаратын өнім жайында айтып беріп, өндірістік цехтар бойынша саяхат жүргізді.
Бұдан бөлек, депутаттар Боровской кәсіби-техникалық колледжінің, Ғ. Жұмабаев атындағы орта мектептің ұжымымен кездесті, сондай-ақ «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауданды сумен жабдықтау құрылысымен танысты.
Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін азық алуды субсидиялау, Боровской кәсіби-техникалық колледжі үшін спорт залын салу, жетім балалар үшін тұрғын үй беруді реттейтін бағдарламалар, білім беру саласындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру сияқты басқа да мәселелер қозғалды.