03.07.2017
Палатаның баспасөз қызметінен хабарлағандай, мәжілісмендер сайлаушыларға Парламенттің екінші сессиясы бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндап, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысынан хабардар етті.
Халық қалаулылары Атырау мұнай өздеу зауытында болды. Онда «Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасының «Индустриалды даму» бағыты бойынша комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Зауыттың ұжымымен кездесіп, әңгімелескен депутаттар МӨЗ-де жүргізіліп жатқан барлық жұмыстардың уақытылы аяқталуының және зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Депутаттардың аймақтағы жұмыстары жалғасуда.