• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Халық қалаулысы Абай Тасболатов азаматтарды қабылдады 03.07.2017

Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қабылдауға келген әр азаматтың шағымын депутат тыңдап, олар бойынша тапсырмалар берді және орындалуын қатаң бақылауға алды. Депутатқа түрлі салалар бойынша шағым айтылды.

Уәжін айтып келгендендердің бірі – Астана қаласының тұрғыны Гүлиса Тілеухан мүгедек қызды өсіріп отыр және қаржылай көмекті қажет етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шықты.

Жалпы, депутаттар іс-сапары тек облыс, қала орталықтарын ғана емес, сонымен бірге, алыс ауылдарды,  елді мекендерді де қамтиды.

Кездесу барысында мәжілісмендер сайлаушыларға Парламенттің екінші сессиясы бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндап, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысынан хабардар етеді.


Back to the list