• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс депутаттары Астанадағы  мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан нысандарда болды 03.07.2017

Депутаттар ҮИИДБ аясында қызмет етіп жатқан «GLB» құрылыс компаниясының ұжымымен кездесіп, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан «Алтын Шар» ТК құрылыс жұмыстарымен танысты. Кездесу барысында мәжілісмендер сайлаушыларға Парламенттің екінші сессиясы бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндап, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысынан хабардар етті.

Айта кетерлігі, «Шар-Құрылыс»  ЖШС  2016 жылы  Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаны - «GLB»  үй  құрылысы  комбинатын  жүзеге асырды. Жобаның  басты мақсаты – индустрияалды әдіспен   әлемдік стандартқа сай  қолжетімді  баспана  салу.

Кәсіпорында хабарлағандай,  барлық қрылыс материалдары отандық өнім болып табылады.  Дайын өнім   жақында баспана бой түзейтін құрылыс алаңына жеткізілді.

Осылайша, құрылыстың барлық шығыны  ең аз көлемде жүзеге асып отыр. Ол әлеуметтік және мемлекеттік қызметкерлер мен денсаулық сақтау, білім беру  қызметкерлеріне   қолжетімді баспана сатып алуға  мүмкіндік береді.

 


Back to the list