• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Парламенттің екінші сессиясының жұмысы қорытындыланды 30.06.2017

Сонымен, Парламенттің қарауында 111 заңжобасы болды. Бүгінде олардың  84 қабылданды, оның ішінде 15 заңжобасын депутаттар ұсынды.  

«Парламент қабылдаған 66 заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Парламент халықаралық байланыстарды нығайтуға, елдер арасындағы қатынасты реттеуге байланысты және де өзге де салалар бойынша көптеген халықаралық келісімдерді ратификациялады.  Ал, үкімет сағаттарында, дөңгелек үстелдер мен көшпелі отырыстарда денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық, білім беру, мәдениет пен жастардың  мәселелері талқыланды» - деп хабарлады Н.Нығматуллин.

 Естеріңізге сала кетейік, спикер Парламенттің екінші сесиясы – жұмыс атқарған жылдар ішіндегі ең маңызды сессиялардың бірі екенін атап өтті.

«Бүгін заң шығаратын, өкілдік орган - қос палаталы Парламенттің кезекті сессиясы қорытындылануда. Елімізде қандайда жағдай болмасын халық үшін заңның рөлі мен маңызы зор. Алтыншы шақырылымынның жұмысы тарихи кезеңде өтті десек болады. Бастысы Қазақстанның егемендігіне 25 жыл толды, оның негізін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалады. Халық арасында 50 жылда ел жаңа деп айтылады, ал біз 25 жылдың ішінде барлық қиындықтарды өткеріп, дамыған елдердің қатарына ендік. Бұл Елбасының сарабдал саясатының жемісі»-деп түйді спикер. 

Қайрат Жандыбаев


Back to the list