• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Журналистер тұлғаның суретін жариялау үшін рұқсатты қалай алады? 27.06.2017

«БАҚ-та адамның суретін орналастыру бойынша оның рұқсатын алу мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Заңжобасы мұндай рұқсатты қажет етпейтін негіздеме тізімін жасақтауды ұсынып отыр. Мәселен, мәдени бұқаралық шараларда, спорттық шараларда, жиындар мен сөз сөйлеу барысында», - деп түсіндірді ведомство басшысы.  

Бұдан басқа, заңжобасында  шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқаны үшін БАҚ-ты жауапкершіліктен босату бойынша негіздемелер тізімі кеңейтілуде.  

«Отандық теле – мен радио нарықты одан ар дамыту мақсатында министрлік құқықтық кеңістік енгізуді жоспарлап отыр. Бұл отандық телеарналарға аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда тек отандық арналарды көрсету ұсынылуда. Министрлік интернет пен жаңа технологиялардың дамуын барынша ескерді», - деп атап өтті министр.

Осы ретте, интернет таратылымды дамытуды реттейтін нормалар қарастырылып отыр.

Интернеттің жаппай таралуы контенттің жалпы білім беру мектептерінің оқушылары үшін бейімделгенін қажет етеді. Яғни, олардың жас ерекшелігі ескерілуі тиіс. Оның үстіне ғаламтордың кеңеюі үлкен жауапкершілдікті жүктейді.

«Министрлік халықтың шағымдарын қабылдап, олар бойынша мониторинг жүргізіп, анықтайды. Бүгінде балалардың еркін ғаламторға кіретінін ескерсек, бұл жағдай ешкімді алаңтадпай қоймас», - деп түйді Д. Абаев.

Бұған дейін, министр журналистердің ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеретін болатынын хабарлаған еді.

Ақбота Күзекбай


Back to the list