• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Нығматулин   Еуразия елдерінің  парламентшілерін  ынтымақтастықты нығайтуға шақырды 27.06.2017

Мәжіліс Спикерінің пікірінше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан Евразиялық идея макроаймақтық интеграциялық жобалар түрінде жүзеге асып, іс жүзінде өз тиімділігін дәлелдеді. Олардың қатарында  ЕАЭО, АӨСШК және ШЫҰ атауға болады.  

Бұл маңызды қадамдар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруға, Азияда қауіпсіздіктің перспективалық жүйесін құруға, трансшекаралық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ, білім, әлеуметтік, мәдени салаларда өзара тиімді іс-қимылды нығайтуға бағытталған.  

Өз сөзінде Мәжіліс Төрағасы елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол», «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағдарламалары жайында да сөз етті.  

«Интеграция жолындағы нақты қадамдар Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобаларының іс жүзінде орындалуы,-деді Н. Нығматулин.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы халықаралық терроризм және лаңкестік, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сынды басқа да халықаралық деңгейдегі өзекті сұрақтарға тоқталды.

Аталған маңызды жиынға 27 елдің өкілдері қатысуда.

Жиналыс нәтижесі бойынша қорытынды құжат – Сеул мәлімдемесі қабылданады деп күтілуде.  

 


Back to the list