• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Нығматулин Астана әуежайының атауын өзгертуге қатысты пікірін білдірді 21.06.2017

Н.Нығматулин  бүкiл қазақстандықтарды осы қабылданған шешiммен құттықтай отыра,  Ұлт көшбасшысының қосқан зор үлесiн бекiту туралы ұсыныс парламент тарихи декларацияны қабылдағаннан кейiн қоғамда кең талқыланғанын айтып өтті.

«Тұңғыш президент есiмiн елiмiздiң жаңа халықаралық әуежайына беру мәселесi де көтерiлген едi. Аталған ұсыныс Қазақстан азаматтарының жаппай қолдауына ие болды. Бұған өңiрлердi аралау барысында халықпен кездескен кезде көзiмiз жеттi», - деді Н.Нығматулин.

Ол айтып өткендей, Нұрсұлтан Назарбаев – елiмiздi өзгерткен стратегиялық реформалардың бастамашысы, мемлекеттiлiктiң қазақстандық моделiнiң сәулетшiсi.

«Қазiргi таңда тәуелсiз Қазақстан, оның тұңғыш президентi Нұрсұлтан Назарбаев деген тарихи түсiнiктердi бүкiл әлем бiр ұғым деп қабылдайды. Халықаралық әуежайдың атауын өзгерту туралы бүгiн қабылданған шешiм бұның тағы бiр дәлелi деп ойлаймын», - дедi Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

 


Back to the list