• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Есеп комитеті бөлінген қаржының игерілуін бақылаудың төмендеуі туралы түсіндірді 19.06.2017

«Бүгінде бағдарлама әкімшілігі мен уәкілетті үкіметтік органның Үкіметке немесе Есеп комитетіне берген мәліметтері бір-бірімен сай келмейтін жағдай қалыптасып отыр. Осы ретте, Есеп комитеті уәкілетті органдардың қол жеткізілген нәтижені есептеуге ресми әдіспен қарайды деген тұжырымға келіп отыр», - деді Н. Әбдібеков.

Оның айтуынша, статистикалық мәліметтерді жасақтау есепті қаржы жылы бойынша республикалық бюджеттің орындалуын қорытындылау  арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және қорытынды көрсеткіштері болашақта өзгертілетін немесе қосымша анықталатын жедел мәліметтерге негізделген.  

«Бұл мемлекеттік органдар жұмысының қорытындысы бойынша бағаның шынайылығы мен маңыздылығын келесі есепті кезеңде жоққа шығарады. Бұл түрлі жағдайларда мәліметтердің екі түрлі болуына әкеледі. Біздің пайымызша мемлекеттік органдар өздерінің жұмыстарына үлкен сынмен қарап, қатемен жұмыс істеу керек», - деп атап өтті есеп комитетінің басшысы.

Спикер толықтырып кеткендей, инвестициялық жобалардың орындалу процесінің ашық болмауы, басымдық берілген жергілікті инвестициялық жобалар тізімінің жоқтығы республика ауқымындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындау бойынша кешенді әдісті жоққа шағарады.

«Осының барлығы орталық мемлекеттік органдардың бөлінген қаржының тиімді игерілуін бақылауының төмендеуіне әкелді», - деп баса айтты Н. Әбдібеков.

Осы ретте, ол хабарлағандай, жыл сайын бюджетте алу көлемдері бойынша аймақ донорлардың мақсатты  тарнсферттерді бөлу көлемі артып келе жатқаны байқалады.  

Сонымен қатар, ол елімізде қарыз құралдарының шкі нарығын дамыту және салықтық, кедендік заңнаманы жетілдірудің әлеуеті бар екенін тілге тиек етті.

«Сонымен қатар, экономиканың салалары бойынша салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтарын бағалау бойынша жұмысты аяқтау қажет.  Бұл олардың шынайы тиімділігін бағалауға көмектеседі», - деп түйді  ол.

Бұған дейін, ҚР Ұлттық қорының басшысы Данияр Ақышев палаталардың бірлескен отырысында банк секторын сауықтыру жұмыстары туралы айтып берді. 

Ақбота Күзекбай


Back to the list