19.06.2017
И.Рогов атап өткендей, Конституциялық Кеңестің есептеуінше ҚР Конституциясының мәтіні мемлекетті тұрақты дамыту басымдықтарына, қоғам мен мемлекетті қайта құру, ҚР азаматтарының пікірімен санасу және қонституциялық құндылықтар туралы негізгі заңның 91 бабының 2 тармағы мен 2 бабының 1 тармағында бекітілген преамбуласын мүлтіксіз орындауға сай келеді.
«Қазақстан Республикасы бекітілген заманауи конституциализмнің жарқын үлгісі. Бұған дәлел ретінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты емес мүше ретіндегі миссиясын және халықтың әл аухатын көтеру, жаһандық экономиканы дамыту мен мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыру жолдарын көрсететін Астанада өткізіліп жатқан ЭКСПО көрмесін айта кетуге болады. Конституциялық саясат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүйелі түрде, ғылыми негіздемеге сүйене отырып жүргізілуде», - деді Конституциялық Кеңестің басшысы.
Жүргізілген Конституциялық өзгерістер мемлекет қоғамының бет бейнесін өзгертуге мүмкіндік берді және конституциялық құрылыстың бірізділігін бекітті.
«2017 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның барынша дамыған отыз елдің қатарына кіруі тұрғысында қоғам мен мемлекетті ретімен жан-жақты жаңғырту жолындағы заңды кезең болды. Сонымен қатар оның ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформасының орындалғанын көрсетті, Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі аясында сапалы өсуі және жаһандық бәсекеге қабілеттілік жағдайында еліміздің берік ұстанымының қамтамасыз етілуі үшін саяси-құқықтық алғышарт жасады», - деп толықтырды ол.
Сонымен қатар, Конституциялық кеңес Жолдауына Еуропа кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясы (Венеция комиссиясы) 2017 жылдың 10 наурызындағы 110-жалпы сессиясында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы бойынша оң қорытынды баға берді.
«Венеция комиссиясының пайымынша: «Қазақстандағы конституциялық өзгерістер мемлекетті демократияландыру процесіндегі алға басылған қадам болып табылады. Реформа елдің одан ары дамуына дұрыс бағыт береді және айқын прогрестің куәсі болып табылады. Тұтас алғанда Парламенттің және атап айтқанда, оның палаталарының рөлін жоғарылату, Президенттің кейбір қызметтерін Үкіметке беру, оның парламентке есеп беруі және бақылауында болуы тетіктерін күшейту 1998 және 2007 жылдары жүргізілген конституциялық реформалардың логикасына сәйкес келетін оң өзгеріс болып табылады», - деп түйді И. Рогов.
Ақбота Күзекбай