• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ. Тоқаев: ЕҚЫҰ-ның басымдықтары «ЭКСПО-2017» тақырыбымен үндес 14.06.2017

Қ. Тоқаев әңгіме барысында балама энергетика саласындағы жаңа жобалар көрсетілетін жаһандық алаңға айналған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ЕҚЫҰ-ның белсенді қатысуын ризашылықпен атап өтті.

«Экономика-экологиялық өлшем тұрғысындағы ЕҚЫҰ-ның ауқымды тәжірибесін, білімі мен атқарған істерін ескере отырып, Ұйым әлем қауымдастығымен пайдалы ақпаратпен бөліседі деп сенемін», - деді жоғарғы Палатаның басшысы.

 Қ. Тоқаев ЕҚЫҰ-ға Аустрияның төрағалық етуіне қолдау білдіре отырып, ЭКСПО-ның «Болашақтың энергиясы» тақырыбы экономика-экологиялық өлшем саласындағы ЕҚЫҰ-ның Вена жария еткен басымдықтарымен үйлесетінін атап өтті.

Төраға Аустрия төрағалық еткен кездегі ЕҚЫҰ-ның Экономика-экология комитетінің басшылығына Қазақстанды тағайындау туралы шешімін жоғары бағалады. Осыған байланысты «ЭКСПО-2017» аясында 15-16 маусымда өтетін 25-ші Экономика-экология форумына әзірліктің екінші кездесуінің маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар аймақтық қауіпсіздікті нығайту, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. ЕҚЫҰ-ның қазіргі күн тәртібі туралы айта келіп, Қ.Тоқаев парламенттік қоғамдастық тарапының дипломатиялық күш-жігерінің маңыздылығына тоқталды.

«Парламенттік дипломатия мемлекетаралық қатынастарда тиімді құрал болып табылады және ол ЕҚЫҰ аймағында нық сенімді қалпына келтіруде табыстарға қол жеткізу үшін пайдалануы тиіс», - деді Сенат Төрағасы.

Жүздесушілер Қазақстан мен Аустрияның парламентаралық диалогын дамыту мәселелеріне баса назар аударды. К. Муттонен Аустрияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне қолдау білдіргені үшін, Ұйым қызметінің негізгі мәселелері бойынша және Парламенттік Ассамблеядағы Қазақстанның белсенді қызметіне орай Қ.Тоқаевқа ризашылығын айтты.


Back to the list