• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында Сенат депутаттығына үш үміткер тіркелді 08.06.2017

Сайлау науқанында облыстық сайлау комиссиясы Қызылорда облысынан Парламент Сенатының депутаттығына ұсынылған 5 кандидаттың үшеуін тіркеді, екі кандидат өз-өзін ұсыну туралы шешімнен бас тартты.

8 маусымнан бастап тіркелген кандидаттар 2017 жылғы 26 маусым күнгі сағат 24-00-ге дейін жүргізілетін сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша,  Республикалық бюджеттен әрбір кандидаттың телеарнадан 15 минут, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына тең мөлшерде қаражат бөлінген.

Бұдан басқа, облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 2 маусымдағы № ОСК- 110/238 қаулысымен кандидаттардың таңдаушылармен – облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттарымен кездесулерінің кестесі бекітілді.

Облыстық сайлау комиссиясына осы сайлау науқанына қатысты өтініштер (шағымдар) келіп түскен жоқ.


Back to the list