07.06.2017
Министр айтып өткендей, салықтық әкімшілендіруді жақсарту барысында екі маңызды мәселені шешуіміз керек. Ол бір жағынан бизнеске қолайлы жағдай туғызу, екінші жағынан мемлекеттік бюджет кірістерін ұлғайту.
«Бұл жұмыс көлеңкелі экономика мен салық жеңілдіктерін қысқарту, салық әкімшілендіруін жақсарту шаралармен қамтамасыз етілетін болады.Бірқатар жұмыстар басталды. Олардың арасында электронды шот-фактура мен мемлекеттік сатып алудағы контрактарды қазынашылық сүйемелдеу жобалары және тағыда басқалар.Электронды шот-фактура жобасын әрі қарай дамытуды ойластырудамыз. Бұл үшін кеден және салық салаларындағы ақпараттық жүйелерді біріктіреміз. Осы жүйені енгізудің арқасында тауарларды импорттау мен өндіруден бастап олардың сатылуына дейінгі процессті біз есепке және виртуалды қадағалауға алатын боламыз», - деді Б.Сұлтанов.
Министр айтып өткендей, жаңа Салық кодексін әзірлеу жұмысында электронды шот-фактура қолданатын бизнес өкілдеріне қосылған құн салығын 30 жұмыс күні ішінде қайтару, қарсы тексерулердің саны мен камералдық тексерудің процедураларын қысқарту көзделіп отыр.
«Бұдан басқа экономикада саласында қылмыстық бұзушылықтарды болдырмау және ізгілендіру аясында Қылмыстық кодекске тиісті өзгерістер дайындалды.Егер ұйым бірінші рет салықты төлеуден жалтарып, толық көлемде келтірілген залалдың орнын толтырса оған қылмыстық жауапкершілікке тартылмауға мүмкіндік беріледі.Салықтық бақылауда бизнестің іс-әрекетіне араласпау принципін қолданатын боламыз.Осы айтылған шаралар жалған кәсіпкерлікпен шұғылдану арқылы салық төлеуден жалтару схемаларын азайтады деп сенеміз.Есепті талқылау барысында бюджет қаражатының әлі де болса тиімсіз пайдалану фактілері туралы сөз болды», - деді Б.Сұлтанов.
Қайрат Жандыбаев