• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2017 жылы Астана қаласында ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр 05.06.2017

Ол ҚұСК-де салмағы 100 кг-нан 6 тоннаға дейінгі жер серіктерін жобалаудан құрастыру мен сынауға дейін, сондай-ақ жер серіктеріне арналған құрамдауыштарды әзірлеу жұмыстары атқарылатынын атап өтті. Барлық жұмысты қазақстандық мамандар жүргізетін болады, бұл қазақстандық қамтуды жер серіктерінің түрі мен мақсатына байланысты 55%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта кешеннің ғимараты бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 46%-ға, тәжірибелік өндірісі бар АКТБ ғимараты бойынша 95%-ға орындалды. Кешеннің сынау учаскелерінің барлық технологиялық жабдығы әзірленді және зауыттық сынаудан ойдағыдай өтті.Осы стратегиялық объектінің болуы ғарыш қызметін дамытуға орасан зор күш береді және Қазақстанға жер серіктерін жобалау және жасау бойынша қызмет көрсететін халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді» - деп айтты Б. Атамқұлов.

Сонымен қатар Министр депутаттардың назарын аэроғарыш саласының ғылыми-технологиялық базасын дамыту қажеттілігіне аударды.

ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің «Ұлттықғарыштықзерттеулер мен технологияларорталығы» АҚ ғылыми институттарында әлемдік деңгейде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін біліктілігі жоғары ғалымдар жұмыс істейді.Отандық ғалымдардың әзірлемелері бірлескен команда құрып қана қоймай, өз есебінен қазақстандық жер серіктері үшін пайдалы жүктеме жеткізіп беруді ұсынатын шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудырады.

Министр 2014 жылы шетелде қымбат тұратын ғарыштық технологияларды сатып алусыз толықтай отандық ғалымдар мен мамандар әзірлеген ҚР Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі пайдалануға берілгенін еске түсірді.

ҚР ДСНЖ Қазақстанда мемлекеттік геодезиялық спутниктік желілер құру үшін дайын база және заманауи құрал болып табылады, оның аналогы барлық дамыған мемлекеттерде құрылған.

2016 жылдан бастап екі ірі жоба  іске асырылуда – ол Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесін (ААШШ) әзірлеу.

ААШШ жобасы бойынша ААШШ жүйесінің Деректерді өңдеу орталығы үшін бағдарламалық қамтылым әзірленді, ТЖ бойынша барлық облыстық департаменттерде осы жүйе операторларының автоматтандырылған жұмыс орындары ашылды.Қазақстанның Кеден одағының шеңберіндегі міндеттемелерімен көзделгендей, ААШШ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап табысты жұмыс істеуде.


Back to the list