• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі 29.05.2017

Сенат депутаты, аграрлық комитет мүшесі Рашид Әкімов  аталмыш заң жобасы  7 кодекс пен  7 заңнамалық актіге  өзгертулер енгізуді қарастырады. Бұл құжат биологиялық әралуандықты сақтау үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайларды жасауға бағытталған.

«Атап айтқанда, орман және аң аулау шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ экологиялық және өзге де аралас заңнамаға түзетулер енгізу көзделіп отыр», - деді РүӘкімов.

Заң жобасындағы жекелеген баптар орманды пайдалану, балық шаруашылығы қызметі, жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіруді, жануарларды елімізге әкелу және әкету мәселелерін қарастырады.

«Мемлекеттік ұлттық парктер мен олардың қорғалатын аймақтарының аумақтарын пайдалану тәртібі нақтыланып, биосфералық резерваттардың құқықтық тәртібі белгіленеді», - деді ол.

Заң жобасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларын 25 пайызға жоғарылатуды, сондай-ақ оларға мал жаю мен шөп шабу үшін жер учаскелерін беруді көздейді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Қайрат Жандыбаев 


Back to the list