• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс Қырғызстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады 17.05.2017

Аталған келісімге ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі аясында 2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған.

«Келісімге сәйкес, қазақстандық тарап Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциясы процестеріне жәрдемдесу мақсатында қырғыз тарапына 100 миллион доллар көлеміне тең көмек көрсетеді», - деді Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Ол қырғыз тарапына көмек Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы бойынша «жол карталарында» көзделген іс-шараларды іске асыру, атап айтқанда, ЕАЭО кедендік шекарасының қырғыз учаскесіндегі кедендік инфрақұрылымды жақсарту, елдің санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық жүйелерін ЕАЭО талаптарына сәйкес келтіру үшін көрсетілетіні туралы мәлімдеді.

«Көмек Техникалық жәрдемдесу туралы жекелеген үкіметаралық хаттамаларға сәйкес, ақшалай қаражат, оқыту бойынша қызметтер, тауарлар түрінде кезең-кезеңмен көрсетіледі», - деп хабарлады министр.

«Көрсетілетін көмектің нысаналы әрі тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық кеңесі аясында бірлескен екіжақты Ревизиялық комиссия құрылатын болады», - деп мәлім етті Сүлейменов.

Құжат Қазақстан Парламентінің Сенатына одан әрі қарауға жіберіледі. 


Back to the list