16.05.2017
Комитет төрағасы Асқар Бейсенбаев отырысты аша келіп, Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында экономиканы жедел технологиялық жаңғырту бірінші басымдық болып белгіленгенін атап өтті. Жолдауда елімізде 3D сипатында басу, онлайн-саудасы, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсетулер секілді келешегі зор салаларды дамыту қажеттігі туралы атап өтілді. Одан басқа, Мемлекет басшысы жоғары оқу орындары мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркі негізінде ғылыми және инновациялық әлеуетті дамытуды тапсырған болатын.
Сенаттың ақпараты бойынша, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков инновациялық кластер қызметі туралы баяндама жасады.
Шара барысында арнайы экономикалық аймақты басқару жүйесіне, АЭА-дағы салық салу және кеден төлемдері жүйесін жетілдіруге, өнімге сұранысты ынталандыру шараларын енгізуге қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
Көшпелі отырыс барысында Сенат депутаттары, инвестиция және даму министрлігінің, басқа мемлекеттік органдардың, бірқатар кәсіпорындардың басшылары, сарапшылар қатысты.
Талқылауды комитет төрағасы А. Бейсенбаев қорытындылады. Олинвестиция және даму министрлігініңөкілдерін «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің стратегиясын нақтылау барысында көтерілген мәселелерді қарастыруға және барлық қажетті шешімдерді қабылдауға шақырды. Қазіргі кезде министрлік «Арнайы экономикалық аймақтар және индустриялық аймақтар туралы» жаңа заң тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. А.Бейсенбаев атап өткендей, талқылау нәтижесі Сенат депутаттарының тиісті заңнамалық актілер бойынша жұмысы кезінде ескерілетін болады.