15.05.2017
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы маңызды халықаралық бастамаларының бірі ретінде Қазақстан аумағында төмен байытылған уранның халықаралық банкін (ТБУ банкі) орналастыру ұсынылған еді. Бұл – әлемде оған ұқсас жобалар жоқ бірегей жоба. ТБУ банкі АЭХА-ға мүше мемлекеттердің атом электр станцияларына ядролық отынның кепілдендірілген жеткізілімдерін қамтамасыз ету үшін АЭХА қамқорлығымен құрылуда және АЭС үшін отын дайындаудың бастапқы материалы болып табылатын төмен байытылған уран банкі болып табылады», - деді Қ. Бозымбаев.
Министр ТБУ банкін құрудың мақсаты ядролық энергетиканы пайдаланатын немесе оны энергия өндірісі құрылымына қосу мүмкіндігін қарастыратын мемлекеттер ядролық отынды кепілдендірілген және болжанған түрде ала алатынына сенімді болу үшін, тұрақты негізде ядролық отын халықаралық нарығының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.
«Қазіргі уақытта ТБУ банкі бойынша құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталу кезеңінде және 2017 жылғы тамызда АЭХА басшысының қатысуымен ТБУ банкін ашу болжанып отыр», - деп хабарлады ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, министр Қазақстанның табиғи уранды өндіру мен жеткізуге ғана емес, сонымен қатар, жоғары қосылған құны бар қайта өңделген уран өнімін өндіру мен өткізуге де мүдделі екенін айтып өткен болатын.
Қайрат Жандыбаев