15.05.2017
«Қазақстан табиғи уранды өндірумен қатар жоғары қосымша құны бар жоғары өңдеудегі уран өнімін сатуға мудделі. Бүгінде атом өндірісінде толық ядролық отын циклін құру және өзіміздің ресурстық базамызды барынша пайдалану басым бағыттардың бірі. Таңдалып алынған, салада жоғары қосымша құны қосылған өнімді өндіруге мүмкіндік беретін технологияны дамытуға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге, жаһандық нарықта кешенді өнімді ұсынуға және жаңа өткізу нарықтарын дамытуға басымдылық берілген», - деді Қ. Бозымбаев.
Сонымен қатар, ол хабарлағандай, бүгінде ресейлік тараппен Орал электрхимия комбинаты – әлемдегі ең ірі уранды байыту бойынша ресейлік кәсіпорынның базасында табиғи уранды байыту бірлескен жобасын жүзеге асырылуда. «Уранды байыту орталығы» ЖАҚ бірлескен қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорнына 2014 жылдан бастап жылына 5 млн дана жұмыс көлемінде уранды байыту бойынша барлық жұмыстарға қолжетімділік берілген.
«Бұл Қазақстанды уранды байыту нарығының қатысушысы етіп отыр және атом өндірісінің маңызды кезеңінің бірі — ядролық отын циклін дамытуға кепілдендірілген мүмкіндік береді. Бұл кезеңсіз жылу нейтрондарындағы атом электрстанциялары үшін ядролық отын жасау мүмкін емес. Біздің еліміз барлық реакторлық ядролық отын цикліне дейінгі барлық кезеңдерге иелік етуі үшін табиғи уранды конверсиялау бойынша өндіріс ошағын құру керек», - деп атап өтті министр.
Ол хабарлағандай, қазіргі таңда «Қазатомөндіріс» Қазақстанда осындай өндірісті ашудың экономикалық негіздемесін жасақтауда. Егер жоба тиімді болса, онда конверсияланған өндіріс қолға алынады.
«2014 жылы «Қазатомөндіріс» ҰАҚ мен Қытай бас ядролық энергетикалық корпорация Қазақстанда қытайлық атом электрстанциялары үшін ядролық отын өндірісін дамыту бойынша бірлескен жобалар жүзеге асыра бастады. 2014 жылдың желтоқсанында Қазақстанға ҚХР мемкеңесі премьерінің ресми сапары аясында ядролық энергетика салысында ынтымақтастық орнату бойынша келісімге қол қойылды. Келісім уран өндірісі, оның ресурстары, ядролық отынды өндіру, ядролық өнімді тасымалдау салаларында ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Келісім аясында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ базасында ядролық отынды өндіру бойынша бірлескен өндірісті құру жоспарланған. Оның өнімі қытайлық атом электрстанцияларына жөнелтілетін болады. Бүгінде зауыт салынып жатыр», - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Бозымбаев бұған дейін Қазақстандағы уран өндірісінің бүгінгі жағдайы мен дамыту мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Қайрат Жандыбаев