• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Соңғы 10 жылда еліміздің фармацевтика нарығының көлемі 7,2 есе ұлғайды 12.05.2017

«Әр мемлекетте адам үшін бастысы оның денсаулығы. Сондықтанда Президент егемендігімізді алған күннен бастап халықтың денсаулығын қорғауға басты назар аударып келеді. Нәтижесінде Қазақстан денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетті. Астанада жоғары деңгейдегі медицина кластері құрылып, ұлттық скрининг бойынша жұмыстар басталды. Әлемдік тәжірибеге сәйкес инновациялық орталықтар ашылды. Барлық орталықтарда білікті мамандар жұмыс істейді. Бүгінде біз түрлі қиын оталарды отандық дәрігерлеріміздің өздері жасайтындай жағдайға жеттік», - деді Н.Нығматулин.

Ол атап өткендей, осындай өзгерістердің арқасында қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты.  

«Осы жетістіктерімізді нығайту үшін Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында, «Ұлт жоспары  - 100 нақты қадам» мен осы жылға арналған тарихы халыққа Жолдауында нақты міндеттерді атап көрсетті. Осы ретте Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. МӘМС  – егемен еліміз үшін өте маңызды әлеуметтік реформа болып табылады, оның тиімділігі әлем тәжірибесінде дәлелденген. Жаңашылдық азаматтарға медициналық – әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіду білдіреді», - деп сендірді Н.Нығматулин.

Сонымен қатар ол атап өткендей,  фармацевтикалық өндірісте шешімін таппаған мәселер қордаланып қалған. Бірінші кезекте өндіріс ошақтарының техникасы ескірді. Бұл отандық өндірістегі шикізат тапшылығы, энерготасымалдаушылардың қымбаттауына байланысты тауардың өзіндік құныда өсті.  Шетелдік өндірушілермен бәсекелестік мәселесі де бар.

«Соңғы 10 жылда еліміздің фармацевтика нарығының көлемі 7,2 есе ұлғайды.  КТМКК аясында халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуде шығын көлемі артуда. Сонымен,  2001 жылмен  2016 жыл аралығында дәрілік заттарды сатып алуға жұмсалған қаржы 165 млрд теңгеге дейін өсті. Қыруар қаржының бөлінгеніне қарамастан фармацевтика саласының шешімін таппай жүрген түйіндері өте көп.  Бүгінде елімізді фармацевтика өнімін өндіретін 100-ден астам кәсіпорын бар. Соңғы он жылда өнім көлемі 7 есе арты.  Осыған қарамастан халқымызды толығымен дәрілік заттармен қамтамасыз ете алмай отырмыз», - деді Н.Нығматулин.

Төраға хабарлағандай, халықты дәрімен қамтамасыз етуде мәселелерді шешуде нақты қадамдар көрсетілу керек.

«Дәрілік заттармен тиімді қамтамасыз ету, рационалды тұтыну халқымыздың денсаулығын нығайтуға  және өмір сүру ұзақтығын арттыруға тікелей әсер етеді», - деп түйді Н.Нығматулин.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list