• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенат Комитетінде ҚР мен РФ арасындағы теміржол көлігі қызметі туралы мәселе қаралды 11.05.2017

Сенаттың мәліметі бойынша, 2016 жылғы 4 қазанда Астанада жасалған Хаттамада бір тараптың құрамына кіретін, бірақ екінші тараптың аумағында орналасқан темір жолдардың учаскелеріндегі станцияларды ашу және жабу тәртібі белгіленді. Сондай-ақ бір тараптың аумағынан шығып, аялдамай транзитпен келетін жолаушылар және жүк поездарын екінші тараптың мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу тәртібі де бар.

Хаттаманы ратификациялау Қазақстанның шекаралық облыстарының тұрғындарына Ресей Федерациясының аумағы бойынша шекаралық бақылауды жүргізбей транзитпен өтулеріне, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының және Ресей Федерациясының атқарушы билік органдарының теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі қағиданы, шығыстардың көлемдерін айқындау және оларды субсидиялау әдістемесін белгілеуіне мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
 


Back to the list