10.05.2017
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 11 жобаны (Астана - Алматы, Астана - Өскемен, Атырау арқылы Астраханьға шыға отырып Астана - Ақтау, Алматы - Өскемен, Қызылорда - Павлодар, Астана - Петропавл, Жетібай - Жаңаөзен, Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы, Орал – Каменка) іске асыру көзделуде. Олардың бір бөлігін халықаралық қаржы институттарының қарызға берген қаражаты есебінен 1,8 млрд доллар сомасына іске асыру жоспарланып отыр», - деді министр.
Ж. Қасымбек атап өткендей, «Ақтөбе - Мақат» автожолын қайта жаңарту жобасы 2 учаскеге бөлінген, оның 299 км бөлігін Азия Даму Банкінің және 156 км бөлігін Ислам Даму Банкінің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған.
«Осы қаражатты Ақтөбе және Мақат елді мекендері арасындағы 299 км екі жолақты қозғалысы бар екінші техникалық санаттағы автожолды жобалық қайта жаңартуға бағыттау жоспарлануда. Учаскеде 11 көпір, 40-қа жуық құбыр салу жоспарланған. Жобаны іске асыру мерзімі - 2017-2021 жылдар», - деп нақтылады ведомство басшысы.
Азия Даму Банкімен 240 млн доллар сомасына қарыз алу туралы келісімге 2016 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылғанын айта кету керек. Қарыз 18 жылға беріледі.
«Ақтөбе - Мақат» учаскесін қайта жаңарту мемлекетаралық және сауда қарым-қатынастарын кеңейту мен тереңдетуге, Каспий маңы өңірінің Қытай, Ресей нарықтарына және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығуға мүмкіндік береді.
Ақбота Күзекбай