• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс тері бұйымдарын таңбалау туралы заңжобасын қабылдады 03.05.2017

Осы Хаттама Келісімнің қолданылу мерзімін 2018 жылдың аяғына дейін ұзартуды қарастырып отыр.

 

«Осы Хаттамада Келісімнің қолданылу мерзімін 2018 жылдың аяғына дейін ұзарту көзделеді. Қазақстанда пилоттық жобаны іске асыру үшін барлық дайындық шараларының жасалғанын ескере отырып, Келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту қажет. Пилоттық жобада мынадай мақсаттар айқындалған: 1) тұтынушы үшін – сатып алатын тауар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету, контрафактілік өнімнен қорғау; 2) кәсіпкерлер үшін – бизнес жургізу үшін бәсекелестік жағдайды теңестіруге ықпал етеді, нарықты заңсыз өнімдерден қорғайды және зияткерлік меншікке құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді; 3) мемлекет үшін – көлеңкелі экономика көлемін қысқартады және бюджетке салықтардың түсімін ұлғайтады», - деді министр.

Пилоттық жоба үшінші мемлекеттен импортталған және ҚР-да өндірілген тері өнімдерін таңбалауда қарастырып отыр. Алдын ала есептеулер бойынша салықтық және кедендік төлемдер 4 есе артады деп күтілуде (600 млн теңгеден астам).

«Таңбалау адал экспорттаушылардың өз өнімін Еуразиялық экономикалық кеңістіктің барлық жерінде саудалауға мүмкіндік береді және осы ретте таңбаланбаған өнім Қазақстан нарығына жіберілмейтін болады.

Пилоттық жобаның нәтижесі бойынша сараптама жүргізіледі.

Қазіргі таңда еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында тауарларды таңбалауды енгізу туралы жаңа келісім жобасы талқылануда», - деді Б. Сұлтанов.

Келісім жобасына сәйкес ЕЭК кеңесі пилоттық жобаның нәтижесін есепке ала отырып тауарлар тізімін бекітетін болады.

Ақбота Күзекбай


Back to the list