03.05.2017
«Бүгінде 4-5 баласы бар әйел жұмыс істемеген жағдайда жұмыссыз деп тіркеле алады. Осы жағдайда ғана олар үшін мемлекет төлем жүргізетін болады. Жалпы бұл барлық жұмыссыз жандарға қатысты. Оның үстіне белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыз деп тіркелген жағдайда көпбалалы аналар арнайы жәрдемақы ала алатын болады», - деді ведомство басшысы.
Министрдің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай олар үшін мемлекет төлем жүргізіп отырған халық саны 10 млн-нан асады.
«ҚР халқының басым бөлігі үшін сақтандыру төлем ақысын мемлекет жауып келеді. Ал, әлеуметтік аз қамтылған жандарға және жасына қарамастан мүгедектерге келетін болсақ олар үшін сақтандыру төлемақысын мемлекет жабатын болады. Ал, сол мүгедек балаға 18 жылдан астам уақыт қарап келе жатқан аналарға келетін болсақ осы мәселені қарастыру керек», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар министрлік көпбалалы аналарға жәрдемақыны арттыру мәселесінде қарастыратын болды.
Айта кетерлік жайт, заңжобасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер көлемі, Қорға олар үшін мемлекет төлем аударатын тұлғалардың тізімі, Қорға төлем төлеушінің тізімі қайта қаралатын болады.
Ақбота Күзекбай