• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР-да кәмілет жасқа толмағандарға арналған ақпараттық материалдардың сапасы бақылауға алынады 02.05.2017

Осы ретте, депутаттың пайымынша «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңжобасы уақытында түзіліп отыр.

«Ақпараттық технологиялардың барлық салалар бойынша белсенді дамуы, оларды мемлекеттің қатаң бақылауда ұстай алмауы балалардың денсаулығы мен дамуына кері әсерін тигізе отырып, қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіріп отыр. Бұл жағдай басты құндылығы адам болып есептелетін  мемлекеттің қауіпсіздігіне де қауіп төндіруде», - деді Н.  Жұмаділдаева.

Депутаттың айтуынша, интернет кеңістігіндегі қауіп уақыт өткен сайын артып отырған жағдайда мемлекеттік қатаң бақылау қажеттілігі туындайды.

«Аталмыш заңды қабылдау Қазақстан Республикасындағы азаматтардың конституциялық кепілдемесін одан ары дамытатын болады.  Ол ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық регламенттеуді жүйелендіруге бағытталған», - деп толықтырды ол.  

Депутат атап өткендей, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңжобасы мемлекет стратегиясы мен оның саясатын табысты жүзеге асырудың кепілі болмақ.

Ақбота Күзекбай


Back to the list