• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Балаларды зиян келтіретін ақпараттардан қорғау  мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды 02.05.2017

«Заң жобасы мемлекеттің «баланы қалыпты дамуына зардабын тигізетін ақпарат пен материалдардан қорғаудың тиісті қағидаларын» әзірлеуді қамтамасыз ету міндеттерін сақтауына ықпал етуге, сондай-ақ баланың өзінің құқықтарына, атап айтқанда «ақпарат пен кез келген түрдегі идеяны іздеу, алу, беру бостандығына» қажетті шектеулерді белгілеуге арналған», - деді Б.Тлеухан.

Заң жобасының міндеті балаларды физикалық және психикалық денсаулығына, имандылық, рухани, психикалық, физикалық және әлеуметтік жағынан дамуына зардабын тигізетін ақпараттан, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездікті, порнографияны, қоғамға жат әрі құқық бұзушылық әрекетті насихаттайтын баспа, дыбыс пен бейне өнімдерін, электрондық және компьютерлік ойындарды таратудан қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен заңнамалық кепілдіктерін енгізу болып табылады.

«Осы орайда әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі ескеріліп отыр. Олардың заңнамаларында балалар мен жасөспірімдер арасында олардың денсаулығы мен дамуына кері әсерін тигізетін ақпараттарды таратуға шектеу қойылған», - деп баса айтты Б.Тілеухан.

Айта кетерлік жайт, заң жобасында балаларға тыйым салынған ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға таратқаны, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеу көзделеді.

Ақбота Күзекбай


Back to the list