28.04.2017
«Ресми статистика бойынша, соңғы жылдары автотұрақтардың көбеюіне қарамастан жолдарымызда апаттық жағдайдың саны едәуір қысқарды. Егер 2013 жылы көлік-транспорттық оқиғалар 65 пайызды құраса, 2015-2016 жылдары бұл көрсеткіш апаттық жағдайлар көрсеткіші бойынша төмендеді. Биылғы жылы да оң динамика байқалып отыр, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында ЖКО 13,2 пайызға қысқарды», - деді министр.
Тәжірибе көрсеткендей, апаттық жағдайлардың негізгі көрсеткішетерінің қысқаруы 2014 жылы «Жол қозғалысы туралы» заң жобасын қолдау бойынша қабылданған әкімшілік тәжірибе бойынша жүзеге асырылды.
Өткен жылы полиция 3,5 млн жол көлік апатын анықтап, алдын алды.
«35 мың жүргізуші алкоголь қолданған күйі ұсталды, сот тәртібінде 49 мың жүргізушінің жүргізуші куәлігі алынды. Әкімшілік тұтқындауға 5 мың жүргізуші түсті. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолында болған 182 мың ереже бұзушылық анықталды», - деді ведомство басшыы.
Қ.Қасымовтың айтуынша, жол қауіпсіздігін қамту бойынша 2020 жылға дейінгі Ұлттық тұжырымдама жасақталды. Оның басты мақсаты жол қозғалысы қатысушыларының ЖКО оқиғаларынан сақтандыру.
Ақбота Күзекбай