24.04.2017
Мәжіліс Төрағасының орынбасары делегация мүшелерін келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, Вьетнам халқына жаңа табыстар мен игілік тіледі. Мәжіліс Төрағасы орынбасарының айтуынша, Қазақстан аталған елді Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әріптес ретінде қарайды.
Вице-Спикер атап өткендей, дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жыл ішінде қос ел арасындағы ынтымақтастық барлық салада әсіресе, саяси, сауда-экономикалық бағытта қарқынды дамып келеді. Өз кезегінде Хоанг Бинь Куан Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілгеніне сенім білдірді.
Тараптар екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екендігіне назар аударып, осы ретте Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері арасындағы және Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы келісімнің мүмкіндігіне тоқталды. Басым бағыттар қатарында ауылшаруашылығы, туризм, сондай-ақ, мұнай-газ салаларын атап өтуге болады. Мәжіліс вице-спикері сонымен бірге, парламентаралық қатынастарды тереңдетудің маңыздылығына тоқталды. Бұл жолда ынтымақтастық жөніндегі топтардың өзара іс-қимылының, заң шығару қызметіндегі тәжірибе алмасулардың мүмкіндігі зор.
Кездесу барысында Г. Исимбаева меймандарды елімізде жүргізілген конституциялық реформа жайында толыққанды хабардар етті. Жүздесуге сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары, «Қазақстан-Вьетнам» ынтымақтастық жөніндегі топтың мүшелері Мұхтар Ерман мен Ирина Унжакова қатысты.