• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенат Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау мәселесін қарады 14.04.2017

Палатада хабарлағандай, Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мақсаты халықаралық жеке құқық нормаларын прогрессивті біріздендіруге ұмтылу болып табылады. Оның қатысушылары 80 мүше: 79 ел және Еуропалық одақ.

Бүгінде Гаага конференциясының қамқорлығымен 39 конвенция жасалған, оның 9-ын Қазақстан ратификациялаған.

Біздің республикамыздың Гаага конференциясына мүшелік етуі әлемдік стандарттарды ескере отырып, Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі дамытуға, шет елдердегі қазақстандық азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Гаага конференциясына кіру Қазақстанға Жалпы істер және саясат кеңесіне қатысуға, конвенция жобаларын дайындау немесе Гаага конференциясының жұмысы аясында халықаралық жеке құқық мәселелерін зерттеу үшін арнайы комиссиялардың жұмысына қатысуға, Гаага конвенцияларынының имплементациясын талдау немесе басқа Гаага конвенцияларына қосылудың орындылығы туралы мәселені қарау кезінде Гаага конференциясынан және оның мүшелерінен сараптамалық (техникалық) көмек алуға мүмкіндік береді.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді. 


Back to the list