• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжілісте бала құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды 11.04.2017

Кездесуге «Балаға мейірімді Қазақстан» атты тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конференцияның сұхбат алаңдарының басшылары – депутаттар және мемлекеттік гранттар беру жөніндегі екінші байқау жеңімпаздары атанған ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Мәжілістің баспасөз қызметінде хабарланғандай, қазіргі уақытта Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы осы байқау қорытындылары бойынша грант иеленушілермен шарт жасасуда.

Мәжілістегі кездесудің мақсаты – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы жұмыс тобының грант иеленушілермен одан әрі бірлескен қызметін үйлестіру. ҮЕҰ жобалары аясында «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясының және БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті 70-ші сессиясының ұсынымдарын іске асыруға баса назар аударылды.

Сұхбат алаңдары мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары гранттарды іске асыру бойынша алдағы жұмыс туралы өз пікірлерімен бөлісіп, өз жоспарлары туралы қысқаша айтып берді.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Нұрлан Өтешев жобаларды іске асыру барысында қоғамдық мониторинг пен бақылау жүзеге асырылатынын мәлім етті.

З. Балиеваның ұсынысы бойынша мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізіледі және оған қатысушылар жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндап, балалар мен жастардың құқықтары жөніндегі заңнамалық актілерге ұсыныстар енгізілетін болады. 


Back to the list