10.04.2017
Терминалдың қуаттылығы жылына 8,2 млн жолаушыдан асады.
«Бүгінде Қазақстанда біз 11 млн жолаушыға қызмет көрсетеміз: Астана – 3,5 млн, Алматы – 5 млн, Ақтау және т.б. Жыл сайынғы өсу қарқыны 5 пайызды құрап отыр. Авиацияда нақты өсім бар», - деді министр.
Ж.Қасымбектің айтуынша, терминал замануи, ірі коммерциялық құрам қарастырылмақ, атап айтсақ, қоғамдық тамақтану, Duty Free және т.б. Ол әлемдік стандартқа сай болады.
«Өсім тәжірибеге енген соң биыл аталмыш терминал арқылы кем дегенде 3,8-4 млн жолаушыға қызмет көрсетеді деп күтудеміз. Персоналды 400 адам құрайтын болады. Олар бүгіннің өзінде ЭКСПО қатысушылары мен жолаушылард қарсы алу бойынша дайындық жүргізуде», - деді ол.
«Болашақтағы 2-3 жылда ұшу-қону жолағын салуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, Астана өсімнің жақсы қарқынын көрсетіп отыр, ол ТМД бойынша ірі 10 әуежайдың қатарына кіреді», - деді Ж.Қасымбек.
Мәлімет бойынша, Астана 5-6 жыл бұрын 25 мың жолаушыны қабылдаса, бүгінде Астана мен Алматы жылына 300 мың транзиттік жолаушыны қабылдайды.
Ақбота Күзекбай