• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл жол қызметінің 800 нысаны қалпына келтіріледі – Ж.Қасымбек 10.04.2017

Министрдің айтуынша, автожол пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсетуде инфрақұрылымға ерекше мән беріледі.

«Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожол бойындағы ірі елді мекен жандарында орналасқан 2 мыңнан астам жекеленген қызмет объектілері жұмыс жасауда», - деді Ж. Қасымбек.

Қазіргі уақытта Министрлік пен облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып, республикалық маңызы бар автожолдарда жол қызметінің объектілерін жаңарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Министр айтқандай,   «Нұрлы жол» аясында 2020 жылға дейін негізгі халықаралық дәліздерде Ұлттық стандартқа сай келетін 260 қызмет нысандарын дамыту көзделуде.

«Егер де стандарт А-жоғары деңгей болса, ол тек  жанармай бекеті ғана емес,  көлікке арналған жылы бокс, санитарлық  торап, тұру орындары, ал егер де  интенсивтілік қарқынды болмаса  құраушылар саны азаяды, алайды жылы дәретханалар мен  дүкендер, жанармай бекеттерінің саны артуы керек», - деді Ж.Қасымбек.

Жыл қорытындысы бойынша жол қызметінің 800 нысанын 2015 жылы қабылданған Ұлттық стандарттарға сәйкестендіру жоспарлануда.

Ақбота Күзекбай


Back to the list