10.04.2017
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан маңызы аса зор жоба. Ол – Астанадағы жаңа теміржол вокзалының құрылысы. Құрылыс және әрлеу жұмыстары биыл мамыр айында аяқталатын болады.
Министр аталмыш вокзал ТМД бойынша ең сапалы әрі бірегей мекеме болатынын айтты.
«Мәселен, әрекеттегі вокзал тәулігіне 12 мың жзолаушыға арналған. Алайда, ол 18 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Ал, жаңа вокзалдың өткізу қабілеті – тәулігіне 35 мың жолаушыны құрайды. Ал қолданыстағы вокзалмен қоса алғанда – тәулігіне 48,8 мың жолаушы болады. Бұл астаналық жолаушылар ағынына, оның ішінде халықаралық көрмені өткізу кезінде де, сапалы қызмет көрсетуді толығымен қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Министр бірқатар жобаларды жүзеге асырып отырған темір жол саласы туралы да айтып өтті.
«Соңғы жылдары жаңа жол учаскелері салынды, оның ішінде Ақсу-Дегелен, Хромтау-Алтынсарино, 1000 шақырымдық Бейнеу-Жезқазған бағыттарының құрылысы бар. Бұл жоба Орталық және Батыс Қазақстанды біріктіреді. Сондай-ақ, Алматы-Қорғас жолының ұзындығы 300 шақырымды құрайды», - деді ол.
Министерлік алдында тұрған жаңа мәселе – Батыс Қазақстан учаскеасіндегі қуаттылықты арттыру.
Ақбота Күзекбай