• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжілісте  көлік мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасы қаралады 07.04.2017

Алдағы жалпы отырыста халық қалаулылары көлік мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде.

Осы күні  қорғаныс және әскери қызмет, сонымен бірге,  өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелеріне қатысты өзгерістер екінші оқылымда қаралмақ.

Мәжіліс депутаттары назарына сондай-ақ, Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімге байланысты ратификациялық заң жобасы ұсынылады.

Ал, Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ.

         

 


Back to the list