06.04.2017
Сенат депутаты Ерболат Мұқаевтың айтуынша, заң жобасы коллекторлық қызмет нарығының дамуына, кредиторлар мен борышкерлер құқығын қорғауға, коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Аталмыш заң жобасының қабылдануы борышкерлерге коллектерлық тараптан болатын шараларға қатысты құқығын қорғайды.
Заң жобасы әлеуметтік бейімділікті ескере отырып, тікелей қызмет нормасына ие бола отырып, қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғауды қарастырады.
Өз кезегінде, депутат Ольга Перепечина аталмыш заң жобасының басты мақсаттарын атап өтті.
«Біріншіден, борышты қайтарып алу саласында тәртіп орнату көзделген, оған мемлекеттік бақылауды күшейтіп, алақол қатысушыларды шеттетіп, қарым-қатынастың аспектілерін реттеу керек.Екіншіден, талапты орындамағандарға жазаны күшейту қажет», - деді ол.
Депутаттың айтуынша, аталмыш заң жобасы қарызгерлерді өздерін басқарудан босатады. Ұлттық банк құқықтық емес шараларды тауып, қадағалап отыруы керек.
Жеке және заңды тұлғалар несиенің берілуі мен оны өтемеген жағдайдағы мүмкіндіктерге саналы түрде келуі керек.
Отырыс қорытындысы бойынша Сенат депутаты «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісіне толықтыруға жіберді.