04.04.2017
2015 жылғы 28 тамызда Астанада қол қойылған Келісім Қазақстан мен Сербия арасындағы халықаралық автомобиль қатынастарындағы жолаушылар мен жүктердің тасымалын, олардың аумақтары бойынша транзитті, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген елдердің аумақтарында тіркелген көлік құралдарымен үшінші елге осындай тасымалдауға жіберілген тасымалдаушыларды реттеуге бағытталған.
Құжат Қазақстан мен Сербия арасындағы автомобиль тасымалын жүзеге асыруға, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз жасауға мүмкіндік береді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.