• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәдениет  нысандарының   ашылуы  мен  жабылуы   Мәдениет министрлігімен  келісіледі 31.03.2017

«Жергілікті атқарушы органдар жаңа мәдениет нысандарын ашып не жауып   жататындығын білеміз, бұл құзыретті органмен келісіліп жүзеге асырылады. Өңірлердегі мәдениет үйлері құзыретті органның келісімінсіз жабылып жатқандығы туралы ескерту көп айтылды. Енді  алғаш  енгізілгелі отырған   нормаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мәдени нысандарды жапқанда немесе ашатын кезде  министрліктің  келісімін алуы керек», - деді министр.

А.Мұхамедиұлы айтып өткендей, аталмыш заң жобасы мәдениет саласында мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру тұрғысынан маңызды. Сондай-ақ, ол мәдениет бойынша білім беретін  мемлекеттік ЖОО-лар да ведомствоға бағынатынын айтты.

«Шығармашылық ЖОО-лар қазір Мәдениет және спорт министрлігінің  құзырында жұмыс істейді, демек, біздің ведомство жас таланттарға гранттар ұсынып, аталмыш саланы дамытуда», - деді А.Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, республикада тәуелсіздік жылдары  20 жаңа театр салынды, ал соңғы жылдары жеті мәдениет нысаны  жасақталды. Жалпы,Қазақстанда  60-тан астам театр жұмыс істейді, оның 52-сі мемлекеттік болып саналады.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list