29.03.2017
Заң жобаларын таныстыра отырып, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров конституциялық заңнамаларға енген өзгертулер Президенттің бірқатар басқару өкілеттіктерін бөліп беруде қарастырады.
«Заң жобасы Мемлекет басшысының 2017 жылдың 25 қаңтарында жарияланған Жолдауындағы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылды, Аталмыш заңның мақсаты саяси жүйені демократияландыру, атқарушы билік органдарының тиімділігі мен жауапкершілігін арттыру», - деді депутат.
Н.Әбдіров айтып өткендей, құжат Президенттің құқықтық өкілетін экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік қызметінде бөлуді қарастырады.
Сәйкесінше, «ҚР Үкіметі туралы», «ҚР Президенті туралы», «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» конституциялық заңдарға өзгертулер енгізіледі.
Ақбота Күзекбай