27.03.2017
«БЖК жүзеге асыру кезеңінде қатысушылар 583 млрд теңге көлемінде салық төлеген, өнім шығарылымы 8,5 трлн теңгені құрады. 337 мың жұмыс орны құрылды», - деді Т.Сүлейменов.
Министр айтып өткендей, 2017 жылдың 10 наурызындағы жағдай бойынша 9060 кәсіпкер сыйақы ставкасын субсидиялау нәтижесінде өз жобаларының қаржыландыру жағдайын жақсартты.
«Жеңілдетілген несиелер құны 1,7 трлн теңгені құрады. Берілген субсидяилар көлемі 146 млрд теңгені құрады. 2642 кәсіпкер 93 млрд теңгенің несиесін алды. Кепілдіктің ортақ көлемі 40 млрд теңгені құрады», - деді Т.Сүлейменов.
Сондай-ақ, ол жетіспеген инфрақұрылым 774 шағын және орта бизнес субъектісіне 103 млрд теңгеге жасалды.
Айта кетейік, елдің экономикалық белсенді бөлігін 8,9 млн адам құрайды. Оның ішінде 6,3 млн жалданған жұмыскерлер, 2,1 млн өзін-өзі қамтығандар, 441 мыңы жұмыссыз халық. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тің әрекеттегі субъектілер саны 1,1 млн бірлікті құрады, олар 9 айда 11,2 трлн теңгенің өнімін шығарды.шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де 24,9 пайызды құрады. Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сәйкес әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.
Қайрат Жандыбаев