• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҰҰ әртүрлі құрылымында  Қазақстанның  20 азаматы  жұмыс істейді 13.03.2017

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі  мүшелігін  қазақстандық дипломатияны  жетілдіруде  мақсатты  қолдану қажет. Сыртқы істер министрлігінің  қызметкерлері  құнды тәжірибе жинауда. Бұл екі жылды жас дипломаттарды тәжірибе жинау мен  дипломатиялық шеберлікті меңгерту үшін қолданған жөн», - деді М.Әшімбаев.

Ол айтып өткендей, халықаралық ұйымдарда  қазақстандық  өкілдердің санын арттыру өте маңызды.

«СІМ хабарлағандай, қазіргі таңда БҰҰ жүйесінде  Қазақстанның  20 азаматы жұмыс істейді.  Бұл тек біздің өкілдікте жұмыс істейтіндер ғана емес,  БҰҰ әртүрлі құрылымында еңбек ететіндер. Болашақта Қазақстан өкілдерін БҰҰ  құрылымдары мен  жетекші органдарына, өзге де халықаралық  ұйымдарға   ілгерілету қажет.Жалпы, осындай саясатпен әлемнің көптеген елі айналысады. Біз де бұл бағытқа аса назар аударуымыз керек», - деді М.Әшімбаев.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list