• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан  шетелдік мемлекеттерге  10 млрд теңге гуманитарлық көмек көрсетті 13.03.2017

«Өткен 25 жылда Қазақстан  уақытында идеялар  мен нақты қадамдарды ұсыну арқылы  қауіпсіздік пен  бейбітшілікті   қамтамасыз ету   саласында  бастамашы атанды. БҰҰ-ға  енгелі бері Қазақстан бірқатар  маңызды халықаралық  бастамаларға себепші болды, оның ішінде  Азиядағы келісім және өзара қарым-қатынас шаралары  бойынша кеңес  шақырылымы  бар. Біз әлем бойынша алғашқы ел болып ядролық полигоннан бас  тарттық. Ядролық қаруды таратпаудағы көшбасшы атандық», - деді В.Божко.

Ол айтып өткендей,  1990 жылдан бастап  Мәжіліс  1237 халықаралық  келісімге  қол  қойып, ратификациялады.

«Оның ішінде  ұйымдасқан қылмыс пен  заңсыз көші-қон жөніндегі  БҰҰ  тұжырымдамасына қосылу бойынша  7 заң,  өзге ведомстволардың қызметі туралы БҰҰ  тұжырымдамасына қосылу бойынша  10 заң бар», - деді В.Божко.

Ол айтып өткендей, жеке бөлікте  ҚР бітімгершілік қызметі мен  ресми даму көмегі  туралы заңдар бар.

«Соңғы жылдары Қазақстан  шетелдік елдерге  10 млрд теңге көлемінде  гуманитарлық көмек  көрсетті. Бұл қазақстанның беделі мен  БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігін  таңдау жөніндегі  компания бойынша нақты аргументтердің бірі болды», - деді В.Божко.

Генерал-лейтенант айтып өткендей,  Ауғанстандағы жағдай ерекше реттеу жағдайын қажет етеді,  Азиядағы  су проблемасын шешу,  БҰҰ комитетінде Иран бойынша жұмыс,  Украина мен Сириядағы дауларды шешу, бітімгершілік  миссиялар бар.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list